Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Мен қарапайыммын деген видео ма?»: қазақстандықтар депутаттың әрекетін сынап тастады

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров желіде видео жариялап, сынға ұшырады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Видеода депутаттың Chevrolet Cobalt маркалы көлікке отырып жатқанын көруге болады.

«Ыңғайлы болса жетеді, жүре береміз. Ең бастысы жол амандығын берсін», — деп жазды ол.

Алайда желу қолданушылары депутаттың бұл жазбасына түсініспеушілік танытты.

Тіпті сынап, пікір қалдырып жатқандар да бар.

«Камера кеткен соң түсіп қалған шығарсың», «Негізі былай салу қате, кейбіреу өмір бойы жинап осы көлікті алуы мүмкін. Халықтың арзан машина мініп жүргені осы заң шығарушы жігіттердің үлкен үлесі бар, утильды алса өте жақсы сапалы көліктерді елге әкелер еді отандастарымыз», «Аға негізі таза халықтың машинасы ғо» және «қараңдар, мен қарапайыммын деген халқым деген видео ма?» деп жазып жатыр олар.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button