Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Таразда оқушылар төбелесіп, біреуі көз жанарынан айырылды (ВИДЕО)

Тараз қаласындағы мектеп-гимназиялардың бірінде орын алған төбелес салдарынан оқушы ауыр жарақат алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әлеуметтік желілерде аталған оқиғаға қатысты бейнежазба тарады.

Білім басқармасының мәліметінше, оқиға сабақ арасындағы үзіліс кезінде болған. Жоғары сынып оқушылары арасында туындаған келіспеушілік төбелеске ұласқан.

Оқиға салдарынан бір оқушы жарақат алып, оған алдымен мектептің медициналық кабинетінде алғашқы көмек көрсетілген. Кейін жедел жәрдем шақырылып, жасөспірім медициналық мекемеге жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқушыға шұғыл түрде ота жасалған. Дәрігерлер оның сол жақ көзіне ауыр зақым келгенін растады.

«Негізгі диагноз — сол жақ көз алмасының ауыр жарақаты. Сол көзге операция жасалды. Жалпы жағдайы орташа ауыр. Ауруханаға жатқызылған кезде де, ота жасалғаннан кейін де сол көздің көру деңгейі нөлге тең болды», — деді денсаулық басқармасында.

Құқық қорғау органдары күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Қазіргі уақытта «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Тергеудің нәтижесінде барлығының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Бұдан бөлек, оқушылардың ата-аналары тәрбие беру бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылады», — дейді полицейлер.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Крис пи Тараз +21TARAZ🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.taraz)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button