ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Қазақстанда доллар арзандап, мұнай бағасы төмендеді

KASE қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді, ал рубль сәл қымбаттады. Сонымен қатар әлемдік нарықта мұнай бағасы да арзандау үрдісін көрсетті. Айырбастау пункттерінде валюта бағамдары өзгермелі күйде сақталуда.

2026 жылғы 17 сәуірде сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасындағы (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды. Нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы 469,52 теңгеге дейін төмендеп, 1,68 теңгеге арзандады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Ресей рублі 6,15 теңгеге дейін өссе, Қытай юані 68,98 теңгеге дейін төмендеді.

Айырбастау пункттерінде доллар 468,5–471,1 теңге аралығында, еуро 552–557,6 теңге, ал рубль 6,05–6,17 теңге шамасында саудалануда.

Сонымен қатар, әлемдік мұнай бағасы да төмендеу көрсетті. Brent маркалы мұнай 0,91%-ға арзандап, барреліне 98,49 доллар болса, WTI маркасы 1%-ға төмендеп, 93,74 долларды құрады.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк доллар бағамын 471,46 теңге, еуроны 555,38 теңге, рубльді 6,18 теңге деңгейінде белгілеген еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button