Ұлытау облысында құтқарушылар жолда қиындыққа тап болған Қытайдың екі азаматына көмек көрсетті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға Жаңаарқа ауданында болған.
Астанадан Жезқазғанға жүк көлігімен келе жатқан екі шетелдік мінген көлік жолдан шығып кетіп, батпаққа батып қалған.
Олар көлікті өз күштерімен шығара алмаған.
Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жүк көлігін Ақтасты ауылының маңынан тауып, арнайы техниканың көмегімен батпақтан шығарып, қайта жолға қойған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші мен жолаушыға медициналық көмек қажет болмаған.