Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Деклан Райс ішек инфекциясына байланысты қатарынан екінші күн команда жаттығуына қатыса алмады. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, Англия құрамасының медициналық штабы инфекцияның өзге футболшылар арасында таралуына жол бермеу үшін қажетті санитарлық және алдын алу шараларын қолға алған.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Райс Англия сапында төрт матчқа қатысып, барлық ойынды негізгі құрамда бастаған. Ол әзірге гол соқпағанымен, бір нәтижелі пас авторы атанып, алаңдағы тұрақты әрі сенімді ойынымен ерекшеленді.
Статистика бойынша жартылай қорғаушы дәл пас беру, шабуылдарды ұйымдастыру және қорғаныстағы сенімді әрекеттері арқылы команданың негізгі ойыншыларының бірі саналады.
Айта кетейік, Англия құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында 11 шілде күні Норвегиямен кездеседі. Бұл матчтың жеңімпазы турнирдің жартылай финалына жолдама алады.
Еске салсақ, әлем чемпионатының ширек финалында Франция – Марокко, Испания – Бельгия, Норвегия – Англия және Аргентина – Швейцария жұптары өзара бақ сынайды.



