Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Балалардың көзінше иттерді атты: Оралдағы оқиға жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)

Оралда аула ішінде иттерге оқ атылған оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға мектеп маңында кешкі уақытта болған. Бейнежазбаны балалар түсіріп алған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ойын алаңында жүрген үш ер адам тыныш жатқан иттерге оқ атқан. Тұрғындардың сөзінше, балалар оларды тоқтатуға тырысқанымен, нәтиже болмаған.

«Ойын алаңында үш мас ер адам тыныш жатқан иттерді атып тастады. Балалар олай істемеуін өтінгенімен олар тыңдамады. Олар барлық иттерді осылай ататынын айтқан», – деп жазды тұрғындардың бірі.

 

Оқиғаға қатысты Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, 12 шілде күні «102» арнасына Орал қаласының тұрғынын қаңғыбас ит тістегені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына полиция инспекторы барып, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетіліп, кейін қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

Полицияның айтуынша, осыдан кейін жәбірленушінің күйеу баласы қараусыз жануарларды аулаумен айналысатын мамандандырылған ұйым қызметкерлерін өздігінен шақырған. Олар иттерді аулаған, ал аталған дерек бойынша полиция тиісті материалдарды жинаған.

Сондай-ақ полиция қараусыз қалған жануарларды аулау жергілікті атқарушы органдар мен арнайы ұйымдардың құзыретіне кіретінін еске салды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button