Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ерке Есмахан алты ай бойы құпия дайындаған жобасы туралы мәлімдеді

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан алты ай бойы құпия әзірлеген ауқымды жобасын аяқтағанын айтты. Өнер иесі әзірге жоба жайлы толық ақпарат бермей, оның нәтижесі жақын уақытта көпшілікке ұсынылатынын жеткізді.

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан бірнеше ай бойы көпшілікке жария етпеген ауқымды жобасын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Өнер иесі жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы бөлісіп, соңғы алты айда осы жобаға бар күш-жігерін жұмсағанын жеткізді. Оның айтуынша, осы уақыт аралығында атқарып жатқан жұмысы туралы ешкімге айтпай, жобаны толық аяқталғанға дейін құпия сақтаған.

«Алты айлық үлкен еңбектің нәтижесін көп ұзамай көресіздер. Осы уақытқа дейін бұл туралы ешкімге тіс жармадым, немен айналысып жүргенімді де көрсеткен жоқпын», – деп жазды әнші.

Айрықша сәтті есте қалдыру үшін Ерке Есмахан екі кіші ұлымен бірге естелік фотосессия ұйымдастырған. Әнші бұл күннің өзінің өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі екенін атап өтті.

Дегенмен өнер иесі әзірге қандай жоба туралы сөз болып отырғанын нақтылаған жоқ. Оның тың туындысы немесе бастамасы жақын уақытта көпшілікке таныстырылады деп күтілуде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button