
Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды», — делінген Ақорданың мәлімдемесінде.
Ол бұл қызметке 2024 жылдың қазанында келген болатын.



