Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Германиялық тревел-блогер Қазақстан табиғатына таңғалып, жаңа фильмінің трейлерін жариялады

Германиялық тревел-блогер Sindy Қазақстанға арналған жаңа деректі жобасының алғашқы трейлерін ұсынды. Онда Бозжыра мен Қызылкүп шатқалы сияқты Маңғыстаудың көрікті жерлері көрсетіліп, блогер еліміздің табиғаты өзіне ерекше әсер қалдырғанын айтты.

Германиялық тревел-блогер Sindy Қазақстанға арналған жаңа деректі жобасының алғашқы аңдатпасын жариялады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Lada.kz мәліметінше, Instagram желісінде sindyexplores атымен танымал блогер түсіріп жатқан фильмінің қысқаша бейнеролигін оқырмандарына ұсынған.

Жобаның негізгі түсірілім орындарының бірі – Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалы. Сонымен қатар бейнежазбада Қызылкүп шатқалы, яғни «Тирамису» деп аталатын табиғи нысан және өңірдің туристерді қызықтыратын өзге де көрікті жерлері көрсетілген.

Блогердің айтуынша, ол жыл сайын өзі үшін ерекше мәнге ие бір ауқымды жобаны жүзеге асырады. Егер өткен жылғы басты бағыты Сокотра аралы болса, биылғы таңдауы Қазақстанға түскен.

«Бұл – сапар барысында түсірілген кадрлардың шағын ғана бөлігі. Толық фильм жақын уақытта YouTube арнамда жарияланады», – деп жазды Sindy.

Сондай-ақ ол Қазақстанға аса үлкен үміт артпай келгенін, бірақ елдің табиғаты мен ерекше ландшафттарын көргеннен кейін пікірінің түбегейлі өзгергенін айтты. Оның сөзінше, Қазақстанның табиғи сұлулығы өзіне ерекше әсер қалдырған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы туристер жиі баратын танымал орындардың ерекшеліктері туралы жазған болатынбыз.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button