ЖаңалықтарҚаржы және төлемдерЭкономика және бизнес

Қазақстанда енді зейнеткерлер онлайн несие рәсімдей алмайды.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнеткерлердің онлайн несие рәсімдей алмайтынын мәлімдеді.

Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұл шешім осал топтағы адамдарды қаржылық алаяқтықтан қорғау мақсатында қабылданған, дейді Qandastar.kz.

Егде жастағы азаматтар, әсіресе зейнеткерлер немесе зейнет жасына таяған адамдар несие алу үшін міндетті түрде банк бөлімшесіне жеке келуі керек. Бұл жерде жауапкершілік банк менеджеріне жүктеледі. Егер ол адамның алаяқтардың ықпалында болуы мүмкін екенін байқаса, несие не үшін қажет екенін сұрайды. Ал клиент «маған біреу хабарласып, несие алуды айтты» десе, банк мұндай жағдайда несиені бермеуге міндетті», — деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, талаптардың сақталуын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қадағалайды. Агенттік банктерге тексеру жүргізіп, заңнамалармен талаптарға сай болуын назарда ұстайды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button