Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Жезқазғанда Металлург күніне орай Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Жезқазғанда Металлург күніне арналған мерекелік іс-шара Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Салтанатты шараға өңір басшылығы, «Қазақмыс» компаниясының жетекшілері, сала ардагерлері мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты.

Жезқазғанда Металлург күніне орай көрнекті ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Салтанатты шараға Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков, Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі, металлургия жөніндегі бас операциялық директор, «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС бас директоры Жәнібек Байғабелов, өңір басшылығы, еңбек ардагерлері мен өндіріс қызметкерлері қатысты.

Жиналғандар Қазақстанның тау-кен және металлургия саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Қаныш Сәтбаевтың рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ғалымның ғылыми еңбектері мен бастамалары Жезқазған өңірінің өндірістік әлеуетін дамытуға негіз болып, елдің кен-металлургия кешенінің қалыптасуына зор ықпал етті.

Шара барысында Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасы мен оның ел өнеркәсібін дамытудағы еңбегі ерекше аталып өтті. Сонымен қатар металлургтер әулетінің дәстүрін жалғастырып келе жатқан еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп, бұл рәсім ұрпақтар сабақтастығы мен отандық металлургия тарихына деген тағзымның белгісі ретінде бағаланды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button