Әлеумет және қоғамБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Бір күнде 55 өрт: орманшылар ірі апаттың алдын алды

Қазақстанда бір тәуліктің ішінде найзағайдың салдарынан 55 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Өрт ошақтары еліміздің бірнеше өңірінде бір мезетте пайда болғанымен, мамандар олардың барлығын дер кезінде бақылауға алып, ірі апаттың алдын алды.

20 шілдеде мемлекеттік орман қоры аумағында тіркелген өрттердің басым бөлігі «Семей орманы» резерватында болды. Мұнда 41 өрт анықталса, «Ертіс орманы» аумағында – 9, Шығыс Қазақстан облысында – 3, ал «Наурызым» қорығы мен «Баянауыл» ұлттық паркінде бір-бір өрттен тіркелген.

Мамандардың айтуынша, найзағайлы фронт қысқа уақыт ішінде ондаған өрт ошағын тудыруы мүмкін. Соған қарамастан орман күзеті, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар және азаматтық қорғау күштері үйлесімді жұмыс істеп, барлық өртті жедел оқшаулап, сөндірді немесе толық бақылауға алды.

Осының арқасында тілсіз жаудың кең аумаққа таралуына және ірі орман өрттерінің шығуына жол берілген жоқ.

Қазіргі таңда өрт қаупі жоғары кезеңге байланысты орман күзеті тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

Back to top button