
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі қызметіне кіріскен Эндрю Бернемге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Сондай-ақ саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды екі ел халқының игілігі үшін одан әрі дамытуға Қазақстанның дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемге жауапты қызметінде табыс тілеп, Біріккен Корольдік халқына амандық пен өсіп-өркендеу тіледі.



