Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Тоқаев Ерлан Қаринді Қазақстанның вице-президенті қызметіне ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді Қазақстанның вице-президенті қызметіне ұсынды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

31 тамызда Құрылтай депутаттары елдегі жоғары лауазымдарға ұсынылған кандидаттарды қарау үшін бас қосты.

Жиында Қазақстанның вице-президенті мен премьер-министрі қызметтеріне қатысты кандидатуралар жарияланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қаринді ұсынды.

Мемлекет басшысы Қариннің мемлекеттік басқару саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткенін атап өтті. Президенттің айтуынша, оның мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол, стратегиялық міндеттерді жақсы түсінеді және реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысқан.

Тоқаев Қариннің кәсіби білімі мен басқару тәжірибесін ескере отырып, оны жаңа қызметке лайықты кандидат деп санайтынын жеткізді.

Ерлан Қариннің мемлекеттік қызметтегі жолы да ауқымды. Ол 2017 жылы «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасы болды. Кейін Президенттің кеңесшісі, одан соң көмекшісі қызметтерін атқарды.

2022 жылы Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Кейін Мемлекеттік кеңесші қызметіне ауысты. Ал 2026 жылдың маусымынан бастап Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді.

Енді оның вице-президент лауазымына кандидатурасына Құрылтай депутаттары баға беріп, шешім қабылдауы керек.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button