ЖаңалықтарСпорт

Месси Аргентина құрамасымен қоштасты

Футбол әлемінде тұтас бір дәуір аяқталды.

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ұлттық команда сапындағы мансабын тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

39 жастағы футболшы бұл шешімді қабылдау оған оңай болмағанын жасырмады. Мессидің айтуынша, Аргентина жейдесін енді кимеу туралы шешім әлі де оның жанына батады. Дегенмен ол ұлттық құрамадағы жолын аяқтайтын уақыт келгенін түсінген.

Месси Аргентина сапында 20 жылдан астам уақыт өнер көрсетіп, команданың басты көшбасшыларының біріне айналды. Оның ұлттық құрамадағы ең үлкен жетістігі – 2022 жылғы әлем чемпионатындағы жеңіс. Сонымен қатар футболшы екі рет Америка кубогын жеңіп алды.

Ұлттық құрамадағы мансабын Месси 207 матч пен 125 гол көрсеткішімен аяқтады.

Ол футбол тарихында «Алтын допты» сегіз рет жеңіп алған жалғыз ойыншы болып қала береді.

Айта кетейік, Месси футболдан толық кетіп жатқан жоқ. Ол клубтық мансабын жалғастырады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button