Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Шымкентте түнде жоғалған екі бүлдіршін ата-анасына аман-есен табысталды

Шымкентте түнгі патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген екі кішкентай баланы байқап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Тәртіп сақшылары ата-аналарымен жедел байланыс орнатып, бүлдіршіндерді аман-есен отбасына тапсырды. Оқиғадан кейін ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау және олардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шымкентте түнде көшеде қараусыз жүрген екі бүлдіршін ата-анасына аман-есен қайтарылды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты ІІМ порталына сілтеп хабарлады.

Шымкент қаласында түнгі патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген екі кішкентай баланы байқап қалған.

Тәртіп сақшылары балаларды қауіпсіз жерге жеткізіп, «102» қызметі арқылы олардың ата-аналары іздестіріп жатқанын анықтады. Көп ұзамай ата-аналарымен байланыс орнатылып, бүлдіршіндер отбасына табысталды.

Балаларының дін аман табылғанына қуанған ата-аналар полицейлерге ризашылықтарын білдірді.

Оқиғадан кейін полиция қызметкерлері ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балаларды қараусыз қалдырмау және олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертті.

Құқық қорғау органдары ата-аналарды мұндай жағдайлардың алдын алу үшін балаларының қайда жүргенін үнемі бақылауда ұстауға шақырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button