Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Жезқазғанда өндірістік қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жаңа бастамалар талқыланды

Жезқазғанда «Қазақмыс» Тобы ұйымдастырған «Батыл көшбасшылық» бағдарламасы аясында өндірістік қауіпсіздік мәдениетін дамытуға арналған аймақтық семинар өтті. Басшылар тәуекелдерді басқару, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және жеке көшбасшылықтың маңызын талқылап, өз бөлімшелерінде жүзеге асыратын нақты міндеттемелер мен үш айлық іс-қимыл жоспарларын қабылдады.

Жезқазған қаласында «Қазақмыс» Тобы ұйымдастырған «Батыл көшбасшылық» бағдарламасы аясында аймақтық семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты – өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін дамыту және басшылардың осы бағыттағы жауапкершілігін арттыру. Семинарға компанияның түрлі өндірістік кәсіпорындары мен құрылымдық бөлімшелерінен келген басшылар қатысты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Кездесу барысында өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетекшілердің рөліне ерекше мән берілді. Қатысушылар тәуекелдерді тиімді басқару, қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру және жұмыскерлермен ашық әрі сенімді байланыс орнатудың заманауи тәсілдерін талқылады.

Қазақмыс

Аталған семинар – «Қазақмыс» Тобында жарияланған Қауіпсіздік жылы аясындағы бағдарламаның екінші кезеңі. Бағдарламаның негізгі қағидаты – басшының жеке үлгі көрсетуі. Бұл өндірістік алаңдарда тұрақты болып, қызметкерлермен тікелей байланыс орнатуды, қауіп-қатерді дер кезінде анықтап, оның алдын алу бойынша нақты әрекет етуді көздейді.

Практикалық бөлімде қатысушылар нақты өндірістік жағдайларды талдап, жұмыс орындарындағы тәуекелдерді анықтау мен оларды болдырмау жолдарын қарастырды. Сонымен қатар басқарушылық шешімдердің жұмыскерлердің мінез-құлқына және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына әсері жан-жақты талқыланды.

Қазақмыс

Семинар қорытындысында әрбір басшы өз бөлімшесінде жүзеге асыратын бірнеше нақты міндеттеме қабылдады. Олардың қатарында өндірістік нысандарға жиі бару, қызметкерлермен өзара байланысты күшейту және қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыруға белсенді атсалысу бар.

Бұдан бөлек, қатысушылар қабылданған міндеттемелерді іске асыруға арналған үш айлық іс-қимыл жоспарын әзірледі. Бұл жоспар қауіпсіздік саласындағы бастамалардың нәтижелілігін бағалап, оларды өндірістік тәжірибеге тиімді енгізуге мүмкіндік береді.

Қазақмыс

Жезқазғанда өткен семинар «Батыл көшбасшылық» бағдарламасының кезекті кезеңі ретінде өндірістік қауіпсіздік саласында басшылардың жауапкершілігі мен көшбасшылық мәдениетін жүйелі түрде қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button