Жаңалықтар

Берік Уәли: Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеуді Президент бақылап отыр

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр.Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.
«Президенттің тапсырмасына сәйкес Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр.
Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін Украина ұлттық полициясы қазақстандық оппозициялық белсенді әрі журналист Айдос Садықовқа қастандық жасаған адамдарды анықтады деп хабарлаған еді.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close