Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

АҚШ әскері Иран мемлекетіне бір апта бойы тоқтаусыз соққы беріп жатыр

АҚШ Орталық қолбасшылығының соққы берудегі басты мақсаты "Иран мемлекетінің әскери күшін әлсірету" деп мәлімдеді.

2026 жылғы 18 шілдедегі Иран БАҚ мәліметінше, соққылар Сирик, Ахваз және Йезд қалаларында жасалған. Сондай-ақ Хормозган провинциясындағы нысандарға да қауіп төндірген. Соққының салдарынан көпірлер, Ираншар әуежайы және Чабахар портының инфрақұрылымы зақымдалған. Иран Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше жалпы 38 адам қаза тауып, 400-ден астам адам зардап шеккен, дейді Qandastar.kz порталы.

Иран өз кезегінде Бахрейн мен Кувейттегі америкалық нысандарға, сондай-ақ аймақтағы АҚШ әскери инфрақұрылымына соққы жасағанын мәлімдеді. Кувейт зымыран және дрон шабуылдарына байланысты халықаралық әуежай жұмысын уақытша тоқтатты. Ел билігі электр станциясы мен тұщыландыру қондырғысының зақымданғанын хабарлады.

Ормуз бұғазындағы қақтығыстың әлі күнге дейін жалғасып жатқанын еске саламыз. Иран танкілері минаға түсіп, жарылғанын мәлімдеді. Алайда АҚШ тарапы бұл ақпаратты құптамайды. АҚШ теңіз блокадасының жалғасып жатқанын және бірнеше коммерциялық кемелердің бағыттары өзгертіліп жатқаны туралы мәлімдеді, дейді The Guardian.

Иран энергетика министрлігі халықты электр қуатын үнемдеуге шақырды. Бұған аптап ыстық пен инфрақұрылымның зақымдануы себеп болғаны айтылды. Құқық қорғау органдары әскери емес мақсатта халыққа қарсы пайдаланылған шабуылдар әскери қылмыс ретінде қарастырылатынын ескертеді.

Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдай одан әрі шиеленісіп барады. Соғыс басталғанға дейін бұл бағыт арқылы әлемдік мұнай мен газ жеткізілімінің шамамен 20 пайызы тасымалданған. Lloyd’s List Intelligence сарапшыларының мәліметінше, бұғаз арқылы өтетін кеме қатынасы қазірдің өзінде төрттен бір бөлікке жуық азайған.

Егер Иранға шабуылдар жалғаса беретін болса Иран басқа америкалық базасы бар мемлекеттерге жауап беретінін ескертті. Иран хуситтер Қызыл теңіз арқылы өтетін мұнай порттарын бақылауда ұстайтынын мәлімдеді. Егер кедерге келтірсе мұнай тасымалы қиындап баға өсіп кетуі мүмкін. Дональд Трамп АҚШ-тың Иранға қарсы жүргізіп жатқан іс-қимылдары сәтті болып жатқанын айтып, «жақын арада оның нәтижесі көрінеді» деп мәлімдеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button