Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматыдағы супермаркетте кәмпиттердің арасынан тарақандар табылды

Алматыдағы Toimart супермаркетінде өлшеніп сатылатын кәмпиттердің арасынан тарақандар табылғаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Оқиғадан кейін компания өнімдерді саудадан алып, дезинфекция жүргізіп, жағдайдың себептерін анықтауға кіріскенін мәлімдеді.

Алматыдағы супермаркеттердің бірінде өлшеніп сатылатын кәмпиттердің арасынан тарақандар табылғаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Жазбаны жариялаған Алматы тұрғыны оқиғаның Розыбакиев көшесіндегі көтерме сауда базары маңында орналасқан Toimart супермаркетінде болғанын мәлімдеді. Видеодан кәмпиттердің арасында бірнеше тарақанның жүргенін көруге болады.

Желі қолданушысы бұл жағдайға наразылық білдіріп, мұндай көріністің санитарлық талаптарға сай келмейтінін атап өтті.

Оқиғаға Toimart желісінің бас директоры Дастан Молдаханов пікір білдірді. Оның айтуынша, компания бұл жағдайды өрескел кемшілік деп бағалап, дереу шара қабылдайды.

Компания басшысы барлық кәмпиттің саудадан алынып, жойылатынын, сауда аймағында дезинфекция және санитарлық өңдеу жүргізілетінін, сондай-ақ оқиғаның себептері жан-жақты тексерілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Toimart супермаркеттер желісінің ресми парақшасы да оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, мәселені жою жұмыстары басталғанын және жауапты қызметкерлердің жағдайды бақылауға алғанын хабарлады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button