Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Ол 65 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Тайпей спортшысы Ю Линге қарсы шығып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осы нәтижемен қазақстандық боксшы жарыстың ширек финалына жолдама алды.
Келесі кезеңде Ертуған Зейнуллинов қырғызстандық Мирзохид Имамназаров қарсыласымен қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов та ширек финалға өткен болатын.



