Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ғылым цехқа келді: «Қазақмыс» инновацияны қалай дамытпақ

«Қазақмыс» ғылымды тек зертханада қалдырмай, өндірістің өзіне алып келмек.

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында компания ішінде жаңа ауқымды жоба басталып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Енді әр жұмысшының идеясы нақты өндірістік шешімге айналуы мүмкін.

Бұл жай ғана ұсыныс жинау емес. Жаңа жүйе қызметкерлердің тәжірибесін ғылыммен ұштастырып, толыққанды инновациялық экожүйе құруды көздейді. Яғни, кез келген ой алдымен сарапталып, зерттеліп, кейін өндірісте тексеріледі.

Жоба қалай жұмыс істейді?

Идеялар бірнеше сүзгіден өтеді: алдымен ғылыми негізі бағаланады, кейін арнайы кеңес қарап, соңында өндірісте сынақтан өтеді. Ең сәтті бастамалар патенттеліп, авторлық құқықпен қорғалады.

Бұл тәсілдің тиімділігі бұған дейін дәлелденген. «Қазақмыс Смэлтинг» алаңында 1 жыл 8 айда 500 идея ұсынылып, соның 12%-ы іске асқан. Нәтижесінде компания шамамен 3 млрд теңге пайда көрген.

Енді осы тәжірибе бүкіл топқа таралады. Негізгі мақсат — ғылым мен өндірісті жақындатып, қауіпсіз әрі тиімді жұмыс жүйесін қалыптастыру.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button