Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Каспий теңізінде магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі болды

Каспий теңізі аумағында әлсіз жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулерінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Каспий теңізі аумағында магнитудасы 3,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Azertag порталына сілтеме жасап.

Әзербайжан Республикасының Сейсмологиялық қызмет республикалық орталығының Жер сілкіністерін зерттеу бюросының мәліметінше, жерасты дүмпулері 26 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 03:04-те тіркелген.

Мамандардың айтуынша, жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе қандай да бір қирау туралы ақпарат түскен жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button