«Қазгидромет» 2026 жылғы 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше облыста қатты ыстық болып, өрт қаупі артады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Күндізгі уақытта аса жоғары температура мына өңірлерде болжанып отыр:
- Атырау облысында – +40…+43 градус;
- Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде – +40…+43 градус;
- Маңғыстау облысында – +43…+45 градус.
Сонымен қатар кей өңірлерде аптап ыстық болады:
- Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Алматы облыстарында – +35…+39 градус;
- Маңғыстау облысында – +38…+42 градус;
- Қызылорда және Түркістан облыстарында – +40…+42 градус.
Мамандардың айтуынша, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ал Қызылорда, Жамбыл, Атырау және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ бірқатар басқа өңірлердің жекелеген аумақтарында төтенше өрт қаупі жарияланды. Олардың қатарында Түркістан, Жетісу, Қарағанды, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары бар.



