Жаңалықтар

Киберқылмыстың 99%-ы интернет алаяқтықпен байланысты

Биыл 3645 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді.

Спикердің сөзінше, киберқылмыстарға ақпаратқа заңсыз қол жеткізу, оны жою, өзгерту, бұғаттау; зиянды бағдарламаларды құру және пайдалану; Интернет желісінде порнографияны тарату; авторлық құқықты бұзу және электрондық жымқыру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын басқа да қылмыстар жатады.

«Барлық киберқылмыстың 99%-ы – интернет алаяқтық. Қазір аталған қылмыс түрімен барлық ел, соның ішінде ақпараттық технологиялар саласында дамыған мемлекеттер де зардап шегіп отыр. Соңғы 7 жылда Қазақстанда олардың саны 10-нан астам есеге өсті. Мұндай қылмыстар өткен жылы тіркелген қылмыстардың жалпы санының 19%-ын және барлық алаяқтық дерегінің 50%-ын құрайды. Былтыр азаматтарға 21 млрд теңгеге залал келді», — деді ІІМ өкілі Мәжілісте өткен комитет отырысында.

Биыл 3645 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Бұл жалпы қылмыстың 18%-ын және барлық алаяқтық дерегінің 43%-ын құрайды.

«4 мың интернет-алаяқтыққа қатысы бар 2 мыңға жуық адам ұсталып, жауапқа тартылды. Жәбірленушілерге 850 млн теңге көлемінде залал өтелді», — деді вице-министр.

Айдос Рысбаевтың дерегінше, негізінен мұндай қылмыстар шетелден немесе шетелдік интернет-ресурстарды пайдалану арқылы жасалады.

«Анонимділігін қамтамасыз ету үшін хакерлер өз құрбандары ретінде шетел азаматтарын таңдайды. Мысалы, 2023 жылдың соңында Астанада 4 алаяқтық call-орталық анықталды. Олардың қызметкерлері тек шетелдік нөмірлерге қоңырау шалған. Қазақстандықтарға қатысты осындай қылмыстар да шетелден жасалады», — деп атап өтті ол.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close