Жаңалықтар

КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ КЕСТЕДЕН КЕШІГЕ МЕ?

Көшет отырғызудың кешенді жоспарын жүзеге асыруда іркіліс байқалды,

Президент тапсырмасына сәйкес 2021-2025 жылдары аралығында орман алқаптарына 2 млрд түп шыбық егілуі қажет. Алайда былтырғы меже толық орындалмаған. Министрлік өкілдері бұл олқылықты түрлі себеппен байланыстырады.

Көктем келіп, күн жылысымен елді мекендерде жұртшылық экологиялық акцияға үн қосып жатыр. Яғни, ауыл мен қала көшелеріне көшеттер отырғыза бастады. Осы арқылы волонтерлер мен қоғам белсенділері жастарды табиғатты қорғауға және көркейтуге үндейді

. Әленғали Кереев, Еңбек ардагері: — Енді бюджеттен шыққан ақша құрдымға кетпеу керек. Ауылдың, қаланың тұрғындары осы жасыл желектің өсіп, халыққа қызмет етуіне бәріміз бір кісідей атсалысуымыз керек деп есептеймін. 15 млн түп. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 5 жыл ішінде елді мекендер аумағына осынша көшет отырғызылуы тиіс.

Бұл шаралар кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Ал орман қорын жасыл желекке байыту жұмыстары баяулап кетті. Былтыр республика бойынша орман-тоғайда 340 млн шыбық егілген. Бұл сол жылға міндеттелген меженің 73%-і ғана. Рашид Асқаров, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің комитет басқармасы басшысының м. а.: — Ақша уақытылы әкімдіктермен бөлінбеген. Тұқымбақтар уақытымен себілмеген. Тұқым уақытымен жиналмаған және басқа да факторлар бар. Одан былай әкімдіктер көшеттерді сатып алуға қанша конкурс жарияласа да, көшет тапшы болып тұр. Орман қорына отырғызылған көшеттерді ұдайы күтіп-баптап, бақылауда ұстау да күрделі мәселеге айналды. Мысалы, Ақтөбе облысында егілген шыбықтардың шамамен 66%-і ғана тамыр жаяды екен. Жомарт Бақыткелді, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары: — Шығымдылығын көбейту бойынша қазір көптеген жұмыстар жүргізіледі. Ол күтіп ұстаулары, өртке қарсы «полосаларды» дайындау, жырту. Одан бөлек, улау жұмыстары сияқты қосымша тағы басқа жұмыстар қарастырылып отыр.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close