Жаңалықтар

Қызметтік құпияны таратқан түзеу мекемесінің басшысы сотталды

Павлодарда №45 түзеу мекемесінің бұрынғы бастығына қатысты сот үкімі шықты. Оны қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және қызметтік құпияны жария ету бойынша кінәлі деп таныды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы ZTB news Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тергеу мәліметіне сәйкес, экс-басшы ақшаға кейбір сотталғандарға «ерекше жағдай» жасаған. Сонымен қатар ол қызмет барысында жария етілмеуі тиіс ақпаратты таратып келген.

Сот шешімі бойынша экс-басшы 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, подполковник атағынан айырылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button