
Павлодарда жер қазу жұмыстары кезінде бес жұмысшыны топырақ басып қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шұңғырдың тереңдігі шамамен 6 метр болған.
Құтқарушылар келгенше кәсіпорын қызметкерлері бір адамға шығуға көмектескен.
Ал төтенше жағдай мамандары тағы екі жұмысшыны алып шықты. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.
«Үйінді арасынан екі адамның денесі шығарылды», — делінген мәлімдемеде.
Қазіргі кезде полиция еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу кезінде оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады.



