Әлем жаңалықтарыЖаңалықтарСпорт

Лионель Месси әлем чемпионатының финалы алдында Аргентина құрамасына үндеу жасады

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы қарсаңында командаластарына қолдау білдіріп, әсерлі үндеу жариялады. Футболшы команданың бірлігі мен бірге жүріп өткен жолының маңызын атап өтіп, барлық әріптестері мен бапкерлер штабына алғыс айтты.

Месси үндеуін Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Ол Аргентина құрамасының суретін бөлісіп, команданың табысына үлес қосқан барлық ойыншыға, бапкерлерге және штаб мүшелеріне алғыс білдірді. Бұл туралы Qandastar.kz порталы хабарлады.

Футболшының айтуынша, соңғы жылдардағы ең үлкен жетістік тек жеңіп алған жүлделер емес, бірге жүріп өткен жол, қиындықтарды еңсеру және бір мақсат жолында жұмыла еңбек ету болған.

Сондай-ақ Месси қандай нәтиже тіркелсе де, бұл құраманың әлем футболы тарихында ұмытылмас із қалдырғанын атап өтіп, сөзін «Алға, Аргентина!» деген жігерлі үндеумен аяқтады.

Еске салайық, Аргентина құрамасы қатарынан екінші рет әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Финалда олар Испания құрамасымен кездесіп, чемпиондық атағын қорғауға тырысады. Матч АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы «Метлайф» стадионында өтеді. Қазақстан уақыты бойынша ойын 20 шілдеге қараған түні сағат 00:00-де басталады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button