Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Непалда хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтар бойынша жаңа ақпарат айтылды

Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апаттан кейін хабар-ошарсыз кеткен үш қазақстандықты іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар Непалдағы жергілікті билік органдарымен байланыста. Іздеу-құтқару жұмыстарына қатысты ақпарат тұрақты бақылауда.

«Өкінішке қарай, қазіргі таңда оларға қатысты ешқандай жаңалық жоқ. Дипломаттарымыз жергілікті билік органдарымен жұмыс істеп жатыр, іздестіру жұмыстары да жалғасып жатыр. Олардың отбасыларымен байланыс орнаттық», – деді Үсенов.

Министрлік үш азаматшаға қатысты қажетті мәліметтердің бар екенін айтты. Алайда олардың аты-жөні, жасы және басқа да жеке деректері әзірге жарияланбайды.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі басты мақсат – жоғалған қазақстандықтарды табу.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button