
«Нұр-Мұқасан» тобының айналасында туындаған дауға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Топтың жаңа орындаушысы Ғалымжан Сүлейменді соққыға жықты деп айыпталған Азамат Есеркеновке 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Белгілі болғандай, Азамат Есеркенов – «Нұр-Мұқасан» тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтың әкімшісі.
Оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Сол кезде өнер адамдары арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.
Сот барысында жәбірленуші Ғалымжан Сүлеймен өзіне қол көтерді деп Азамат Есеркеновті ғана емес, Мұқасан Шахзадаевты да жауапкершілікке тартуды сұраған болатын. Алайда соттың соңғы шешімімен Азамат Есеркеновке әкімшілік айыппұл салынды.



