Жаңалықтар

TikTok АҚШ-тағы платформасын дербес құрылымға айналдырды

АҚШ пен Қытай TikTok-тың АҚШ-тағы операцияларын басқару президент Дональд Трамп қолдайтын инвесторлар тобына берілетіні туралы келісімге келді, деп жазады qandastar.kz. сайты kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

TikTok жаңа компания, TikTok USDS Joint Venture LLC қосымшасының АҚШ-та қолжетімділігін қамтамасыз ететінін хабарлады.

«Компания кең ауқымды деректерді қорғау, алгоритм қауіпсіздігі, мазмұнды модерациялау және АҚШ пайдаланушылары үшін бағдарламалық жасақтама сапасын қамтамасыз ету арқылы ұлттық қауіпсіздікті қорғайтын белгілі бір кепілдіктер бойынша жұмыс істейді», — делінген мәлімдемеде.

TikTok-тың Бейжіңде орналасқан иесі ByteDance АҚШ бөлімшесіндегі 19,9% үлесін сақтап қалады. Бірлескен кәсіпорынды жеті мүшеден тұратын директорлар кеңесі басқарады.

Жаңа компанияны Адам Прессер басқарады, ал TikTok-тың бас директоры Шоу Чу директорлар кеңесіне қосылады. TikTok-тың айтуынша, директорлар кеңесі мүшелерінің көпшілігі америкалықтар болады.

TikTok-тың америкалық нұсқасы америкалық технологиялық алып Oracle, Калифорнияда орналасқан Silver Lake жеке меншік капитал фирмасы және БАӘ-де орналасқан MGX инвестициялық фирмасы сияқты инвесторлар тобына тиесілі болады.

«TikTok-ты сақтап қалуға көмектескеніме қатты қуаныштымын! Енді ол америкалық патриоттар мен инвесторлар тобына тиесілі болады. Болашақта мені TikTok-ты қолданатындар мен жақсы көретіндер ұмытпайды деп үміттенемін», — деді Дональд Трамп Truth Social арнасында.

Трамп өз әкімшілігін «бұл келісімді әдемі аяқтауға» көмектескені үшін мақтады.

АҚШ президенті сонымен қатар Қытай көшбасшысына алғысын білдірді.

«Сондай-ақ, Қытай төрағасы Си Цзиньпинге бізбен ынтымақтастығы және сайып келгенде, келісімді мақұлдағаны үшін алғыс айтқым келеді. Ол басқаша бара алар еді, бірақ олай істемеді және мен оның шешімін жоғары бағалаймын», — деді Трамп.

Америкалықтар TikTok-тың ең үлкен аудиториясын құрайды, елде 200 миллионнан астам белсенді пайдаланушысы бар.

Бұғае дейін 16 жасқа толмағандардың платформаға кіруін шектеу туралы үндеулерге жауап ретінде TikTok ЕО-да адам жасын тексеру жүйесін енгізіп жатқаны хабарланған болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button