Басқа виза түрлерін қарау
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған виза (В8) Қазақстан Республикасына Қазақстан республикасында тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу үшін жіберілген адамдарға, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында жіберілген адамдарға беріледі. Қазақстан Республикасы ратификациялаған визасыз келу тәртібі туралы халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасында жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 17-тармағында көзделген мемлекеттердің азаматтары, және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгінген адамдарға. Бір мәртелік және көп мәртелік визалар 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.
Жеке сапарға арналған виза (В10) Қазақстан Республикасына жеке жұмыстарымен баратын адамдарға; мемлекеттер тізбегінде көрсетілген мемлекеттер азаматтарына; Қазақстан Республикасына туыстары мен жақындарын жерлеуге немесе олардың ауыр науқастанулары себебімен келетін адамдарға – растаушы құжаттары болған жағдайда; бұрынғы отандастарға; Қазақстан Республикасының азаматымен бірге Қазақстан Республикасына келетін жұбайларына, балаларына (соның ішінде асырап алған ұл/ қыздарын) немесе ата-аналарына (қамқоршыларына, қорғаншыларына) (туыстығын растайтын құжаттар болған жағдайда), Қазақстан Республикасына этникалық қазақтармен бірге келетін жұбайларына, балаларына (этникалық қазақ болып табылмайтын) беріледі.
Бір мәртелік виза 90 тәулікке дейінгі мерзімге, көп мәртелік 180 тәулікке дейін беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алуға арналған виза (В11) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасы азаматтарын асырап алуға жіберілетін адамдарға беріледі.
Бір мәртелік виза 180 тәулікке дейінгі мерзімге, көп мәртелік 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Туризм мақсатындағы виза (В12) Туристік виза Қазақстан Республикасына турист ретінде келетін адамдарға беріледі. Бір мәртелік виза және көп мәртелік виза 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі. Бір мәртелік виза 90 тәулікке дейінгі мерзімге, көп мәртелік 90 тәулікке дейін беріледі.
Транзитпен өтуге арналған виза (В13) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өту үшін жіберілген адамдарға беріледі. Бір мәртелік виза 90 тәулікке дейінгі мерзімге, көп мәртелік 180 тәулікке дейін беріледі.
Қазақстан Республикасы аумағынан шығып кетуге арналған виза (В14, В15, В16, В17, В18, В19, В20, В21, В22) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен кезде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдарға, Қазақстан Республикасы аумағында паспортынынан айырылған адамдарға, оларға қатысты Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданған адамдарға, егер олардың Қазақстан Республикасында бұдан әрі болуына негіз жоқ болса, оларға қатысты елден қуумен байланысты емес әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылған адамдарға, егер олардың Қазақстан Республикасында бұдан әрі болуына негіз жоқ болса, Қазақстан Республикасы аумағына визасыз келген адамдарға, жазасын толық өтеген немесе жазадан босатылған, пробациялық бақылау мерзімі өтіп кеткен, жазаны орындауды кейінге қалдыру мерзімі өткен, Қазақстан Республикасы аумағынан визаның колданыс мерзімі немесе рұқсат етілген визасыз мерзімі аяқталғанғанға дейін кетуге кедергі жасайтын форс-мажорлық жағдайлардың, пойыздың жүруі немесе өзге көлік құралы рейсінің тоқталуын және кідіруінің пайда болуын дәлелдейтін құжаттарды ұсынған адамдарға, оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр деп танылатын қылмыс жасалғаны туралы хабарлаған адамдарға, қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оларға қатысты қылмыстық іс тоқтатылған адамдарға, сондай-ақ, олардан Қазақстан Республикасынан кетуге шектеулер алып тасталған өзге адамдарға беріледі.
В14 санатындағы бір мәртелік виза 90 тәулікке дейінгі, В15 санаттағы бір мәртелік виза – 30 тәулікке дейінгі, бірақ паспорттың қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі, В16, В18, В21 санаттарындағы бір мәртелік виза – 30 тәулікке дейін, В17, В19, В20, В22 санаттарындағы бір мәртелік виза – 15 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған виза (С1) Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келетін этникалық қазақстарға беріледі. Көпмәртелік виза 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Отбасын біріктіруге арналған виза (С2) Қазақстан Республикасы азамматтарының отбасы мүшелері болып табылатын, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан адамдарға, Қазақстан Республикасында тұруға уақытша рұқсатты (кемінде екі жыл мерзімге) алған этникалық қазақтарға және бұрынғы отандастарға , Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ бизнес-көшіп келушілерге. Бір мәртелік виза 90 тәулікке дейінгі мерзімге, көп мәртелік бір жылға дейін беріледі.
Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза (С3, С4, С5, С6) Қазақстан Республикасына еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген немесе осында болған адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне, экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына келетін немесе Қазақстан Республикасында болған адамдарға, бизнес-көшіп келушілерге, маусымдық шетелдік қызметкерлерге беріледі. Бір мәртелік виза С3 90 тәулікке дейін беріледі (паспорттары Қазақстан Республикасымен танылмайтын елдердің азаматтары үшін – 1 жылға дейін), көп мәртелік С3 – 3 жылға дейін (АХҚО қатысушылары мен органдарына, «Астана Хаб» қатысушыларының қызметкерлеріне немесе «Астана Хаб» қызметкерлеріне – 5 жылдан артық емес) немесе рұқсаттың қолданылу мерзіміне, бір мәртелік С4, С5, С6 – 90 тәулікке дейін, көп мәртелік С4 – 3 жылға дейін, көп мәртелік С5 – 2 жылға дейін (этникалық қазақтарға – 3 жылға дейін), көп мәртелік С6 1 жылға дейін, бірақ рұқсаттың қолданылу мерзімінен артық емес.
Миссионерлік қызметті жүзеге асыруға арналған виза (С7) Қазақстан Республикасына миссионерлік мақсатпен жіберілген адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі. Бір мәртелік виза 90 тәулікке дейінгі мерзімге, көп мәртелік 180 тәулікке дейін беріледі.
Гуманитарлық уәждер бойынша көшіп келу визасы (С8) білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек көрсету саласында ақысыз қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасына келетін волонтерлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық келісімшарттар шеңберінде қайырымдылық, гуманитарлық көмек көрсету және гранттарды беру мақсатында Қазақстан Республикасына келетін адамдарға беріледі. Бір мәртелік виза 90 тәулікке дейінгі мерзімге, көп мәртелік 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Білім алуға арналған виза (С9) Қазақстан Республикасына орта, техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсу мақсатында келетін адамдарға; Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, соның ішінде оқушылармен алмасудың ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша оқып жатқан адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне; Қазақстан Республикасынавизасыз тәртіп бойынша уақытша келген және Қазақстан Республикасының оқу орындарына түскен этникалық қазақстарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі. Бір мәртелік виза 90 тәулікке дейінгі мерзімге, көп мәртелік 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Жеке сапарға арналған виза (этникалық қазақстар) (С10) этникалық қазақстарға беріледі. Бір мәртелік виза 90 тәулікке дейінгі мерзімге, көп мәртелік 3 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Кәмелетке толмаған азаматтарға арналған виза (С11) кәмелетке толмаған (18 жасқа дейін). Бір мәртелік виза 1 жылға дейінгі мерзімге, ал көп мәртелік 3 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Емделуге арналған виза (С12) Қазақстан Республикасына емделу, медициналық тексерілу және консультациялар үшін келетін адамдарға, сондай-ақ олармен бірге жүрген адамдарға; Қазақстан Республикасында уақытша болатын адамдарға тұрақты емделу қажет болған жағдайда, сондай-ақ олармен бірге жүрген адамдарға, Қазақстан Республикасына жақын туыстарын – Қазақстан Республикасының азаматтарын күтіп-бағу мақсатында келетін адамдарға, немесе Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрып жатқан және медициналық мекемеде емделіп жатқан шетелдікке, медициналық мекемелерде емделіп жатқан жақын туыстарын- Қазақстан Республикасының азаматтарын немесе Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктерді күтіп-бағу қажеттілігі туындаған кезде Қазақстан Республикасында болған адамдарға. Бір мәртелік және көп мәртелік виза 180 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.