Жаңалықтар

Әнші Мейрамбек Бесбаев енді кино түсірмек

Қатесіз туынды ұсынғым келеді: Мейрамбек Бесбаев Естай туралы кино түсірмек. Бұл туралы әнші «Ережесіз әңгіме» бағдарламасында айтты.

Белгілі әнші тарихи кино түсіріп, өзін жаңа қырынан көрсетпек. М.Бесбаев кино өндіріске бет бұрғанымен, туындының негізгі мағынасы әннен алыстайтынын айтты. Қазір «Құсни-Қорлан» әнінің авторы Естай туралы кино түсіру ойға алған. Барынша қатесіз туынды түсіруді көздейді Мейрамбек Бесбаев.

«Естай бабамыз туралы. Жалпы сол кісінің өмірбаяны мені қатты қызықтырады. «Құсни-Қорлан» деген үлкен өлең екенін білесіздер. Соншалықты Қорлан сұлу ма еді? Әлде сол кездегі жағдай себеп болды ма? Әннің тарихта қалуына не түрткі болды? Естай атамыз кім? Атамыздың бүкіл өмірбаянын бір жылдай зерттедік. Қазір барымды салып, тарихи бір кино түсіру арманым. Қазақ фильмнің қорына қатесіз, өмірбаянынан қате кетпеген жақсы дүние жасағым келеді. Теңізге құйған тамшыдай үлесім болғанын қалаймын», — дейді Мейрамбек Бесбаев.

Сонымен қатар әнші кинодан басты рөлді кім сомдайтынын да айтып берді. Өз туындысын Мейрамбек Бесбаев кәсіби мамандардың қолына тапсырмақ.

«Тарихи үлкен дүние жасасақ па деп отырмыз. Қол жеткізе алсақ жақсы болар еді. Міндетті түрде мен ойнаймын деген сөз емес. Ол кәсіби актер болады. Қазір сол жұмысқа кірісіп жатырмыз», — дейді ол.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close