Жаңалықтар

Әйел өзін әбден ұрып, теуіп тастаған күйеуін сот залында кешіре салды

Фото: Тенгриньюс

Күйеуінен талай жыл зәбір көрген әйел сотта күйеуін кешіре салды, деп хабарлайды qandastar.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап. 

Жантүршігерлік оқиға 17 шілдеде болған.

Күйеуі үйде әйелін әбден ұрып, артынша тепкілегені анықталды.

Сот сараптама қорытындысынан кейін күйеуін кінәлі деп тапты.

«Сотта тараптардың татуласуына байланысты бұл қылмыстық іс тоқтатылды. Алайда сот қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында оны қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде 6 ай мерзімге арнайы талаптар белгіледі», – деп мәлімдеді Тарбағатай аудандық сотының баспасөз қызметі.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close