Жаңалықтар
Astana LRT директоры Арданов пен «Астана банкнің» акционері Тоқтаров тергеуге сол күйі келмеген – Антикор
Фото: ашық дереккөз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров баспасөз мәслихаты кезінде Astana LRT басшысы мен “Астана банкінің” акционеріне қатысты тергеудің аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Антикордың мәліметіне сәйкес қос күдікті қылмыстық істі тергец аясында жауап алуға шақырылған. Алайда олар келмеген дейді.
“Astana LRT басшысы Талғат Ардан мен “Астана банкінің” акционері Олжас Тоқтаровтың шетелде болуына байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 208-кодекстің 1-бөлігіне сәйкес жауап алуға шақырды. Алайда олардың жауапқа алуға келмеуіне байланысты қылмыстық істі тергеу аяқталды”, – дейді ол.
Ардан мен Тоқтаровтың заңға қайшы әрекеттері жиналған дәлелдер аясында толығымен дәлелденген екен.
“Қылмыстық істі тергеу аяқталып, 19 қыркүйекте сотқа жіберілген. Қазір іс материалдарымен танысу жүріп жатыр”, – дейді Антикор өкілі.