Жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір әлемдік жұлдыз концерт өткізеді

Танымал әлем жұлдызы Тилль Линдеманның елімізде жеке концерті өтеді, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Rammstein тобының солисі Тилль Линдеманн 2026 жылдың 7 қаңтарында Алматыда жеке концерт өткізеді.

Шоу Almaty Arena сахнасында өтеді. Meine Welt (Менің әлемім) туры аясында ұйымдастырылып отыр. Билеттер осы аптада сатылымға шығарылады. Сатылым жүйесі төмендегідей жүзеге асырылмақ:

  • Бейсенбі, 12:00 – Freedom Bank картасы иелері мен Freedom SuperApp қолданушылары үшін алдын ала сатылым;
  • Жұма, 12:00 – барлық платформаларда ашық сатылым басталады.

Сондай-ақ Тикетон және өзге де ірі онлайн-сервистер арқылы сатып алуға болады.


Айта кетейік, Till Lindemann – неміс вокалисті, ақын және лирик. Rammstein, Lindemann және Na Chui металл топтарының фронтмені. Ол Apocalyptica, Phantom Vision, Puhdys, Knorkator және Emigrate топтарының, сондай-ақ Ковач, Заз  секілді әншілердің әндерін жазған.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close