Жаңалықтар

300 миллион теңге жымқырылған: Атбасар шенеуніктері сотталды

Ақмола облысында су тасқыны қаупі бар аймақта тұратын тұрғындарды көшіруге бөлінген 300 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді.

Іс материалдарына сүйенсек, 2021 жылы үкімет резервінен Атбасар ауданының 200 отбасын көшіру үшін екі көпқабатты тұрғын үй салуға қаржы бөлінген. Алайда аталған жобаны жүзеге асыру кезінде құрылыс бөлімі басшылары мен “Престиж Строй 7” және “Фундаменталь” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өкілдері қылмыстық схема ұйымдастырып, қаражатты қолды еткен.

2024 жылдың қарашасында прокуратура тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдаған. Нәтижесінде сот күдіктілерді кінәлі деп тауып, олардың бірін – 8 жыл 6 айға, екіншісін – 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі Қылмыстық кодекстің 180-бабының 4-бөлігі — «Өте ірі көлемде ұрлау» және 218-бабы — «Қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру» баптары бойынша шығарылды.

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close