Жаңалықтар

«Әнді сайқымазақ етті»: Ұлықпан Жолдасов әнші Sadraddin-ге шүйлікті

Фото: видеодан скриншот
Елімізге белгілі өнер иесі Ұлықпан Жолдасов әнші Садраддинды қатаң сынға алды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы
.

Ол қазіргі жас әншілерге көңілі толмайтынын айтты.

«Жүйке шыдамайды. Тыңдап отырған құлаққабымды лақтырып жіберемін. «Таңертең мас күйде, отырдым таксиге, анам мені күтеді ас үйде» дейді. Не әңгіме бұл? Тіпті, біреулер боқтап жатыр. Солай атымды шығарамын деп ойлайды. Әнді де, басқаны да сайқымазақ етті. Тыңдайтын ән қалған жоқ» — деді композитор.

Ол осы сынымен әншінің нақты атын атамаса да өлең жолдарына қарап Садраддин Болаттың «Такси» әні екенін байқауға болады.

«Кейбір әндер бар. Өте жақсы, күшті. Бірақ жақтарын шайнап айтады», — дейді композитор.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close