Жаңалықтар
Жайыққа батып кеткен жігіттің мәйіті 4 күннен кейін табылды

Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылында 19 маусым күні Жайық өзеніне батып кеткен ер адамның мүрдесі құтқарушыларының күшімен судан шығарылды.
Атырау облысы ТЖД хабарлағандай, 22 жастағы ер адам балық аулау үшін шығып, суға батып кеткен.
Іздестіру жұмыстарына алты құтқарушы, екі бірлік жүзу құралы жұмылдырылды. Азамат оқиға орнынан 100 метр қашықтықтан табылды.