Білім

Грант: Астанада талапкерлер алаяққа алданып қалған

Фото: ашық дереккөз

Астанада 34 жастағы ер адам 20-дан астам талапкерді «грант алып беремін» деп алдап, ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz

Күдікті өзін таныстары арқылы сенімді етіп көрсетіп, магистратура мен бакалавриатқа «қамтамасыз етемін» деп уәде берген. Телефон арқылы кеңес беріп, оқуға түсуді «кепілдеп», ірі сомада ақша талап еткен.

Тергеу дерегінше, жәбірленушілердің бірі оған магистратураға «гарантталған» грант үшін 1 миллион теңге берген. Қаражатты алған соң күдікті ізін суытқан.

Полицейлер оның жеке басын анықтап, қазір қамауға алды. Қылмыстық іс қозғалды.

ІІМ мемлекеттік гранттар тек конкурс арқылы берілетінін еске салды. Заңсыз жолмен «грант сатып алуға» тырысқан әрекеттер азаматтарды қаржылық шығынға ұшыратып қана қоймай, қылмыстық жауапкершілікке де әкеледі.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close