
Фото: ашық дереккөз
Әлемдік және отандық футбол клубтарындағы ойыншылардың нарықтағы бағасы белгілі болды, деп жазды qandastar.kz
Мәліметке сәйкес, «Реал Мадридтің» жаңа жұлдызы Килиан Мбаппе 180 миллион еуроға бағаланып отыр. Бұл — қазіргі футбол нарығындағы ең қымбат ойыншылардың бірі.
Ал Қазақстандық «Қайрат» клубының жетекші футболшысы Дастан Сәтбаевтың нарықтық құны 1,8 миллион еуроны құрайды. Клубтағы басқа ойыншылардың да бағасы шамамен осы деңгейде. Яғни, кейбір еуропалық жұлдыздармен салыстырғанда 100 есе төмен.
Бұл дерек футболдағы қаржылық алшақтықты және жергілікті ойыншылардың әлеуетін дамыту қажеттігін тағы бір мәрте көрсетіп отыр.