
Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау тәртібі жаңартылмақ. Енді отбасының қарыз мөлшері де жәрдемақы алу құқығына әсер ететін болады, деп хабарлайды qandastar.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған жаңа ереже бойынша, егер отбасының жан басына шаққандағы жиынтық қарыз сомасы екі есе ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетсе, олар АӘК алу құқығынан айырылуы мүмкін.
Мысалы, 4 адамнан тұратын отбасы 2 млн теңге көлемінде несие алған жағдайда, бұл сома алдымен 3 жылға, кейін 4 адамға бөлінеді. Нәтижесінде, жан басына шаққандағы қарыз шамамен 166 мың теңгені құрайды. Бұл – қазіргі ең төменгі күнкөріс деңгейінен едәуір жоғары. Сондықтан мұндай отбасыларға атаулы көмек тағайындалмайды.
Министрлік өкілі Шыңғыс Шәкiл бұл өзгеріс халықтың нақты табысын әділ бағалауға мүмкіндік береді дейді. Оның айтуынша, тұрғын үй алуға арналған депозиттер табыс ретінде есептелмейді, ал жалпы банктік салымдар егер олардың көлемі 200 АЕК-тен (2025 жылы — 786 400 теңге) асса, табыс көзі ретінде қаралады.
“Бұл тетік көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттауға сеп болады”, – дейді Әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы.
Жаңа тәртіптің нақты қашан күшіне енетіні әзірге белгісіз.