Әлеумет және қоғамЖаңалықтарМәдениет
Мемлекеттік тілді үйренем деушілер үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады.
Мемлекеттік тілді үйренем деушілер үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Ол үшін қазақ тілін меңгеру мен диалог құру алаңдары ұйымдастырылып, ақпараттық жобалар іске асырылмақ. Бүгін елордада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы меморандумға қол қойды. Қазақстанда мекен ететін өзге ұлт өкілдері қазақ тілін қосымша үйрену үшін Ассамблея аясындағы орталықтарға жүгінеді. Яғни, бас қосу платформасы бар. Енді оның мазмұнын байыта түсу керек. Сол үшін аталған тараптар ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне қадам басуға уағдаласты. Рауан Кенжеханұлы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы президенті: – Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде еліміздегі түрлі ұлттарды біріктіретін үлкен мүмкіндігі бар. Осы бағытта шынында да осындай азаматтарға көмекші бола алатын, тірек бола алатын, демеу жасай алатын түрлі жобаларға, бастамаларға негіз болмақшы.