ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Депутат бюджетті айыппұлмен толтыруға қарсы шықты

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Талғат Қаржауов  жол қауіпсіздігін «Сергек» камерасымен шешуге  қарсы, деп жазады qandastar.kz kyn.kz-ке сілтеме жасап.

Депутат бюджетті тек айыппұл арқылы толықтыру қате ұғым екенін атап өтті.

«Халықтың қаражаты арқылы қазынаны толтырамыз деген түсініктен арылуымыз керек», — деді депутат.

Талғат Қаржауовтың айтуынша, бейнебақылау камераларын көбейтсе де жол апаттарының көрсеткіші жақсармаған.

Еске сала кетейік, Түркістан облысы жол апатынан, аса ауыр жарақаттар мен өлім көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда тұр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button