Қазақстандық Parkinson ауруын Counter-Strike ойынымен жеңіп жатыр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі rasdaily.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бірлік ауылында тұратын 86 жастағы Сәду ата күн сайын екі сағат бойы Counter-Strike ойнайды, бұл оның Паркинсон ауруымен күресіндегі терапиясына айналған. Ойынды оған ұлы ұсынған, себебі дәстүрлі емдеу әдістері нәтиже бермей қалған.
Сәду-атада діріл 2022 жылы басталған, бірақ диагноз төрт айдан кейін ғана қойылғанын айталы. Сол аралықта жағдайы күрт нашарлаған. Сол кезде ұлы видеойындардың миға әсері туралы зерттеу тауып, дәстүрлі емес әдісті сынап көруге шешім қабылдаған.
Бастапқыда ата тінтуірді ұстауға шамасы жетпеген, бірақ бнеше аптадан кейін сенімді ойнай бастаған.
Мамандардың айтуынша, егер іс-әрекет қызық тудырып, мотивация берсе, бұл Паркинсон ауруымен ауыратын науқастардың жағдайын дофаминнің бөлінуі арқылы жақсарта алады.
Саду-атаның TikTok каналы қазір 39 мыңнан астам жазылушы жинаған.