Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов 2025 жылды Қазақстанның сыртқы саясаты үшін шешуші кезең деп бағалады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі jibek_joly.tv парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жыл басынан бері Мемлекет басшысы 22 елге ресми сапар жасап, Астанада 21 мемлекеттің көшбасшысын қабылдады. Бұл кездесулер тек протоколдық форматпен шектелмей, экономика мен ұзақ мерзімді даму бағыттарын қамтыған мазмұнды диалог алаңына айналды.
Нәтижесінде Қазақстан өзге елдермен стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге көтеріп, өзін халықаралық аренада орта держава ретінде толық қалыптастырды.



