Әлеуметтік желіде оқытушының студенттерге арнап айтқан сыни пікірі кеңінен таралып, көпшіліктің назарын аударды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Мaskara_news парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнежазбада ол: «Жасанды интеллектпен жазуды доғарыңдар. Өздерің анализ жасап үйреніңдер, осылай жалғастырсаңдар маман болмайсыңдар», – деп қатаң ескертеді.
Аталған видео желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Кейбір оқырмандар бейнежазбаның өзін жасанды интеллект арқылы жасалған болуы мүмкін екенін алға тартса, енді біреулері оқытушының шетелдік профессорларға еліктеп отырғанын жазды.
Сонымен қатар, пікір білдірушілердің бір бөлігі ұстаздың сөзін қолдап, жасанды интеллектке шамадан тыс тәуелділік студенттердің ойлау қабілетіне кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Ал қарсы пікір айтқандар қазіргі технологияны толықтай жоққа шығаруға болмайтынын, керісінше оны дұрыс қолдануды үйрету қажет екенін айтады.



