
Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Instagram желісінде Гонконгтағы отбасылық серуенінен бейнежазба жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Жарияланған видеода өнер иесі жұбайы және балаларымен бірге кешкі уақытта қала ішінде серуендеп жүрген сәті бейнеленген. Кадрларда отбасы күтіп-бапталған аумақта жайбарақат қыдырып, мегаполистің атмосферасынан ләззат алып жүр. Баян мен жұбайы балалар арбасын итеріп, бірге уақыт өткізуде.
Бейнежазба «Гонконг» деген қысқа ғана жазбамен жарияланған.
Жазба көп ұзамай жүздеген пікір жинады. Желі қолданушылары отбасының үйлесімі мен жылы қарым-қатынасына тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді.
«Тамсандым!»,
«Өте сүйкімді әрі берік отбасы. Балалары да бақытты!»,
«Бақыт кез келген жаста жолығады!», — деп жазды оқырмандар.



