
Астанада саябақта бойжеткенге шабуыл жасалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, оқиға 29 шілде күні таңертең болған.
Жәбірленуші туыстарының айтуынша, белгісіз ер адам қыздың артынан келіп, оған шабуыл жасап, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасауға талпынған. Алайда бойжеткен қарсылық көрсетіп, қатты айқайлағаннан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Қыз қашып бара жатқан ер адамның бейнесін телефонға түсіріп үлгерген.
Астана қаласының полиция департаменті күдікті ретінде 27 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау бөлмесіне қамалған.
Полицияның мәліметінше, ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің ұсақ бұзақылық бабымен әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданған. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.



